Валеология және педагогика

Валеология және педагогика
Балалардың денсаулығы төмендеуінің негізгі себептерін талдай келіп, мына төмендегідей қорытынды жасауға болады.
1. Оқушылардың денсаулықтарының төмендеуі, оқу үрдісіне байланысты емес екендігі анықталды. Оқушылардың денсаулық-тарының төмендеуі объективті себептерге байланысты болмай, тек қана субъективті себептермен шектслінетіні байқалды.
2. Мұғалімдердің, оқушылардың денсаулығына немқұрайлы қарауы оқушылардың денсаулығының нашарлауының басты себептерінің бірі екені анықталды.

Медиктердің көп айтатын девиздерінің бірі «ргіто поп посеге» барлығынан бұрын әдейі денсаулыққа қастық жасама». Бұл девизді кейінгі кездс педагогтар басшылыққа алатын болды.
Оқушылардың еңбек сүйгіштігі
Қазіргі кезде барлық мектептерде мектеп гагиенасы деген сабақ жүреді. Оны денсаулықты сақтаудың педагогикасы деп атауға да болады. Гигиена дегеніміз — адамдардың денсаулығына айналаны қоршаған сыртқы орта факторының тигізетін өсерін зерттейтін ғылым. Оқушылардың ағзасына оқу үрдісінің және еңбектің тигі-зетін әссрін зерттейтін ғылым. Оқушылардың ағзасына оқу үрдісінің және еңбек пен демалыстың тигізетіғі әсерін мектеп гигиенасы зерттейді. Оқушылардың жүйелі түрдс оқуына, қолынан жүмыс келетіндігін арттыруға да мектеп гигиенасы айтарлықтай роль атқарады. Окушылардыц қажымауына ғылыми жол көрсететін ғылым.
Оқушылардың еңбекке қабілеттілігі дегеніміз не? Оқушылардың еңбекке қабілеттілігі дегеніміз — адамның максимадды түрде энергия шығарып сапалы және эффекті түрде жүмыс істеуі. Бойындағы қуатты жүйелі түрде пайдалану. Әрбір адамның бойьшдағы жүмысқа қабілеттілігі әр түрлі болып келеді. Жұмысқа деген қабілеттілік жыл маусымдарына байланысты өзгеріп отырады. Оны маусымдық ауытқу деп атайды.
Сондай-ак, тәуліктік уақытқа, байланысты, Жүма ішіндегі күндерге сәйкес еңбекке қабілеттілік дамып отырады. Әдетте адамдардың жүмысқа жарамдылығы сағат 10-11-де қарқынды жүреді де, кейін 14-15 сагатта қабілеттілік төмендейді, 17-18 сағатта қайтадан қабілеттілік арта түседі.
Белгілі бір жұмысты орындауда қабілеттілік белгілі бір заңдылықпен өтіп отырады. Алғаш жұмысқа кіріскенде қабілеттілік онша жоғары болмайды. Қабілеттілік біртіндеп дами түседі Жұмысқа жарамдылық біріншіден, нерв және гуморальдық жүйелерге байланысты. Адам ағзасы айналаны қоршаған орта факторларына бейімделінуіне байланысты. Екіншіден, қимылдың стереотипіне байланысты болып, ол біртіндеп қалыптасады; үшіншіден, вегетативтік функциялар қажетті деңгейге көтеріле түсуіне байланысты. Мұндай жағдайлар жас балаларда ерекше бір зандылықпен өтеді. Олардың барлық нерв және гуморальды жүйеле-рі өте тез өзгергіш келсді. Бұл фазаны жұмыс істеуге қабілсттіліктің бастамасы деп атайды. Бұдан кейін екінші фаза басталады. Оны жұмыс істеу қабілеттіліктің тұрақты фазасы деп атайдн. Бұл фазада адам сапалы және жемісті еңбек етеді. Қабілеттілік әдетте адамдардың жас ерекшсліктеріне, денсаулығына, жұмысқа үйреншілігіне байланысты болады.
Кейіннен жұмысқа деген қабілеттілік біртіндеп азая түседі. Қажу пайда болады. Жұмыс аяғында жұмысқа деген қабілетгілік аз мөлшсрде көтеріледі. Жүмыс аяқталар кезде еңбекке қабілсттілік арта түседі. Мұны, «жұмыстың аяқталу лебізі» деп атайды. Шығар-ган өнімін өзі көзімен көріп көңіл-күйі көтеріледі. Эмоционалдық деңгейі өседі. Ал кейбір себептерге байланысты өзінің жасаған жұмыстарының қорытындыларына көзі тоймаса, көңілге қуаныш сезімі келмесе, онда еңбекке қабілеттілік төмендеп кетіп, адам басылып қалады. Адам қажу фазасына түседі.
Қажу дегеніміз не? Енді осыған біраз тоқталайық. Қажу — жұмыс істеген кездегі ағзаның өзгеріске ұшырауы. Жұмыс аяғында адам қажып ештеңе істегісі келмейді.
Қажу кезінде адамның жұмыс істеу қабілеттілігі тым төмендеп кетеді. Адам жұмыстан бас тарта бастайды.
Қажудың биологиялық ролі өте-мөте жоғары келеді. Адам биологиясы адамда бірнеше функцияларды атқарады. Біріншіден, қорғаныс функциясы, әртүрлі жұқпалы ауруларды адам ағзасына дарытпайды. Екіншіден, қажығандықты онша дамытпай, ағзаны жұмыс істеу үрдісіне бағыттайды. Ағзаның функционалдық мүмкіншілігін күшейте түседі.
Шаршау мен қажудың негізгі себептері адам өзі қызығып істейтін жұмыс болса, оны ұзақ істесс де ешқандай қажымайды. Істей береді. Ал қызықты емес жұмыс болса, онда адам тез шаршап кетеді де, істемей қояды. Еркі азаяды. Бірақ жұмыс істеу қабілеті төмендемейді. Мұны компенсирлі қажу деп есептейді. Ағзада қуат көп болады. Қажудың механизмдерін анықтау оңай шаруа емес. Дегенмен, биолог-валеолог мамандардың зерттеулерінің қорытындыларыма қарағанда, қажу ксзінде ең алдымен орталық, нерв жүйесі қажитынын айтады.
Адам белгілі мөлшерде тамақ ішпесе, ол тез арада шаршап кетеді де, қажу фазасына өтеді. Оқушылар жүйелі түрле жұмыс істемегендіктен, олар тез қажиды. Өз еркінен айырылып қалады да, сабақты үлгермейтіндердің қатарына қосылады. Қажудан ол шыға алмайды. Қажу үсті-үстіне дами береді. Қажудан шығудың бір жолы бар. Ол мектепте мұғалімдер, үйде ата-аналар, әжелер мен аталар болып жабылып оқушыға қатаң бақылау жасап, жәрдемдесу керек. Қосымша сабақтар жүргізіп, үлгере алмаған сабақтарын үлгертуте тырысу керек. Үнемі оқушыны жақтап, мактау жұмыстарынан қол үзбеу керек. Үнемі ұрысып, жамандамау керек.
Жалығу дегеніміз не? Жалығу қажудан басқаша. Жалығу кезінде адамның жұмыс істеу қабілеттілігі уақытша төмендеп кетеді де, ол қайтадан жоғарылап отырады. Жалығу физиологиялық жағдайларға байланысты емес, ол патологиялық жағдай. Патологиялық жағдайға оқушылар ұшырамау үшін, мұғалімдер мен ата-аналар оқушылардың жұмыс істеу режимі мен демалу үрділерін бақылап, ғылыми талаптарға сай жолға қоюға тырысу керек. Сабақ оқу дағдысын қалыптастыру қажет, сонда жалығу үрдісі оқушыларда дамымай қала береді.
1-ші сыныпқа келген оқушылардың көбісі оқи, жаза алмай-тындай болып мектепке келеді. Бұл ебдейлік, бірақ дағды емес. Мектеп оқу мен жазуды дағдыға айналдырады. Кейбір сауатты адамдардың қолы жұмыс істеуге епті келеді.
Мектспте оқитын оқушылар жалықпас үшін мұғалім оқушыларға бірнеше тәсілдерді үйретеді. Қалай жазу керек екенін үйретеді. Қалай қалам ұстаудың жолын көрсетеді. Отыру тәсілдеріне бақылау жасап, жолдарын түсіндіреді. Мұның бәрі оқушылардың жалықпай жұмыс істеуіне әкеп соғады.
Бастауыш сыныптардын, оқушыларына жазу жұмысы 8-12 минуттан артық жүргізілмеуі керек. Мұның өзі қажуға жол бермейді. Оқу өте қиын үрдіс. Кітап оқу өте үлкен еңбекті қажет ететін оқу үрдісі. Біріншіден, көздің көру қабілеттілігін талап етеді. Өйткені кітапта неше түрлі кішкентай әріптср кездеседі. Көзбен көп жұмыс істеуді қажет етеді. Көз үнсмі айналып отырады. Сондықтан да сынып ішінде оқу үрдісі 1-ші сынып оқушыларына 15-25 минуттан аспауы керек. Көзге үнемі шынықтыру жаттығуларын жасап отыру керек.

Сізге ұнау мүмкін...

Добавить комментарий

Войти с помощью: 

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *